Қостанай облысының 12 спортшысы Жапонияда өтетін ХХ жазғы Азия ойындарында ел намысын қорғайды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Еліміздің намысын дүбірлі додада өңірдің 12 спортшысы спорттың жеті түрінен қорғайды.

Командалық спорт түрлерінен өңір атынан «Тобыл» баскетбол клубының негізгі ойыншылары Антон Быков пен Шаим Куанов (жаттықтырушысы – Т. И. Сұлтанов), сондай-ақ К. Оспанов атындағы №1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі гандболшысы Кристина Радаева (жаттықтырушысы – В. В. Андрейчик) бақ сынайды.

Облыстың ең көп спортшысы джиу-джитсу спорт түрінен қатысады. Азия ойындарының татамиіне Ұлттық және олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша спорт клубының төрт тәрбиеленушісі – Абдулла Батырбек, Адлан Мадаев, Сейлхан Болатбек және Максат Төленді шығады. Олардың барлығы М. Г. Бермұхамбетовтің жетекшілігімен жаттығады.

Жеке спорт түрлерінен жүлдеге ауыр атлет Алексей Чуркин (Жоғары спорт шеберлігі мектебі, жаттықтырушысы – С. В. Корщиков), бадминтоншылар Диана Наменова (Қостанай ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, жаттықтырушысы – Л. Н. Окунева) және Алиса Кулешова (№2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, жаттықтырушысы – С. С. Ержақанов) таласады. Ал гольф спортынан өңірге жолдаманы Марат Багтжанов (Гольф спорт мектебі, жаттықтырушысы – А. С. Шукманов) иеленді.

Сонымен қатар, қостанайлық жанкүйерлер виртуалды спорт бағдарламасында жерлесімізді қолдай алады. Киберспорт бойынша Қазақстан ұлттық құрамасының сапына Роман Дозорцев енді.

XX жазғы Азия ойындарының салтанатты ашылу рәсімі 19 қыркүйекке жоспарланған. Жарыс 2026 жылғы 4 қазанда аяқталады. Қазақстан құрамасына сәтті өнер көрсетіп, жарқын жеңістерге жетуін тілейміз!          

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-sport/press/news/details/1290985?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді