ШАРДАРА СПОРТШЫЛАРЫ – ЕЛ МАҚТАНЫШЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Шардара спортының жетістігі ел мерейімен ұштасып, халықаралық аренада Қазақстанның көк Туын көкке көтеріп жүрген спортшылардың еңбегі жоғары мемлекеттік марапаттармен бағалануда.
Шардараның даңқын әлемдік деңгейде асқақтатып жүрген Айдархан Нұрдаулет Мырзаханұлы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Құрмет» орденімен, ал Құттымұратов Медет Құттымұратұлы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Бұл – қос спортшының жылдар бойғы табандылығы мен қажырлы еңбегіне, спорттағы жоғары жетістіктеріне және ел намысын халықаралық жарыстарда абыроймен қорғаған еңбегіне берілген лайықты баға.
Нұрдаулет пен Медеттің әрбір жеңісі – Шардара спортының мерейін үстем етіп, ауданның спорттық әлеуетін бүкіл елге танытып келеді. Олардың жетістігі кейінгі буын спортшыларына жігер беріп, биік мақсаттарға ұмтылуға жол көрсететін жарқын үлгі.
Медет Құттымұратұлы мен Нұрдаулет Айдарханды жоғары мемлекеттік марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз!
Алдағы уақытта да толағай табыстарға жетіп, көк Туымызды биікте желбіретіп, ел абыройын асқақтата берулеріне тілектеспіз!
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1291083?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді