ТАЗА ШАРДАРА — ТАЗА ҚОҒАМ!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында Шардара ауданында кезекті апталық сенбілік ұйымдастырылды.
Аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың тапсырмасына сәйкес, аудан аумағының санитарлық тазалығын сақтау және елді мекендердің көркін абаттандыру мақсатында қала мен ауылдық округтерде ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілді.
Сенбілікке аудан тұрғындары, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлері белсенді қатысып, елді мекендердің ішкі көшелері мен қоғамдық орындарын тұрмыстық қалдықтардан, қоқыстардан және ретсіз өскен шөптерден тазартты.
Тазалық жұмыстары — қоршаған ортаны қорғаумен қатар, туған жерге деген жанашырлық пен ортақ жауапкершіліктің көрінісі.
🌿 Тазалық — бір күндік науқан емес, әр азаматтың күнделікті мәдениеті.
Туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне үлес қосу — баршамызға ортақ міндет!
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1291050?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді