ҮЛКЕНДЕР ЖАНЫНДА БОЛҒАНДА: АЛМАТЫДА БАЛАЛАР АМАНДЫҒЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 Алматы қаласы Бостандық ауданының «№10 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де балалардың қауіпсіздігі мен амандығы үшін күнделікті еңбек етіп жүрген ата-аналар мен мамандардың басын қосқан жалпыаудандық ата-аналар форумы өтті. Кездесудің басты назарында тек ережелер мен жауапкершілік туралы сөз қозғау емес, ең бастысы – баланың өзі, оның сезімдері, құқықтары мен қажеттіліктері болды. Жиын барысында ата-аналарға буллингтің, зорлық-зомбылықтың және құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ бала мінез-құлқындағы мазасыз өзгерістерді уақытында байқап, оған қажетті қолдауды қалай көрсету керектігі айтылды. Прокуратура, полиция, білім беру жүйесі және психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу өкілдерімен ашық диалог орнатылып, ата-аналар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан практикалық ұсыныстар алды. Форум «Балаға арналған 30 секунд» акциясымен аяқталды. Онда ата-аналар балаларына сүйіспеншілік, қолдау білдіретін және әрдайым жанында екенін еске салатын жылы сөздерін жіберді. Себебі қауіпсіз балалық шақ қарапайым нәрселерден — назар аударудан, сенімнен және кез келген уақытта сүйене алатын ересек адамның қасында бар екенін сезінуден басталады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-bala/press/news/details/1291547?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді