Ұлттық компаниялар өкілдерімен мемлекеттік тіл мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті ұлттық компаниялар мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесуді Тіл саясаты комитетінің басқарма басшысы Рахимжанов Қайыржан Алдашұлы ашып, ұлттық компаниялар қызметінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтудің маңыздылығына тоқталды.

Кездесу барысында ұлттық компаниялардың ресми интернет-ресурстарындағы мемлекеттік тілдің қолданысына жүргізілген мониторинг қорытындылары, мемлекеттік тілдегі құжат айналымының жай-күйі және қызметкерлердің «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша тестілеуден өту көрсеткіштері таныстырылды.

Аталған бағыттар бойынша Тіл саясаты комитетінің бас сарапшылары Несипбаев Мақсат Қасымалыұлы ұлттық компаниялардың ресми интернет-ресурстарына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы, Мукатова Замира Колдеевна мемлекеттік тілдегі құжат айналымына қатысы баяндама жасады.

 Ал «ҚАЗТЕСТ» жүйесін дамыту жөніндегі басқарма басшысы Ерсұлтанова Гүлнұр Серікбайқызы ұлттық компаниялар қызметкерлерінің «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша тестілеуден өту көрсеткіштері жөнінде ақпарат берді.

Кездесу соңында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, ұлттық компаниялардағы тіл саясаты бағытындағы жұмысты жетілдіру және анықталған мәселелерді шешу бойынша өзара пікір алмасылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/language/press/news/details/1290879?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді