УЛЫҚБЕК АҚТАЙ ҚАЙРАТҰЛЫ ЖАҢА ЛАУАЗЫМҒА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ.

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Улықбек Ақтай Қайратұлы – 2026 жылғы 1 қыркүйектегі №30 хаттамамен «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған бірыңғай конкурстық комиссиясының шешімі негізінде, Шардара ауданының әкімі Қарсыбаев Арман Романұлының 2026 жылғы 2 қыркүйектегі №1-245ө өкімімен Улықбек Ақтай Қайратұлы Шардара ауданы әкімі аппаратының өтініштердің қаралуын бақылау және құжаттандыруды қамтамасыз ету бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.
Улықбек Ақтай Қайратұлы 2002 жылғы 25 ақпанда Түркістан облысы, Шардара ауданы, Қазақстан ауылында дүниеге келген. Жоғары білімді. 2023 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетін, 2025 жылы «Q» UNIVERSITY оқу орнын бітірген.
Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 2024 жылғы 17 шілдеде Шардара ауданы әкімі аппаратының әкімшілік және жалпы бөлімінде бас маман міндетін атқарушы қызметінен бастаған. 2024 жылғы 28 қазаннан бастап бас маман, 2025 жылғы 28 қаңтардан бастап аудан әкімінің көмекшісі, 2025 жылғы 25 сәуірден бастап қайтадан бас маман қызметтерін атқарған.
2025 жылғы 3 маусымнан 2026 жылғы 1 ақпанға дейін Шардара ауданы әкімі аппаратының өтініштердің қаралуын бақылау және құжаттандыруды қамтамасыз ету бөлімінде қызмет атқарып, азаматтардың өтініштерін қарау, құжат айналымын ұйымдастыру және тапсырмалардың орындалуын бақылау бағыттарында тәжірбие жинақтады.
2026 жылғы 2 ақпаннан бастап Шардара ауданы әкімінің көмекшісі лауазымын бүгінге дейін атқарып келді.
Улықбек Ақтай Қайратұлының осыған дейін атқарған лауазымдары оның мемлекеттік басқару, азаматтардың өтініштерін қарау, құжат айналымын ұйымдастыру, тапсырмалардың орындалуын бақылау және ұйымдастырушылық жұмыстар бағытында кәсіби тәжірибе қалыптастыруына мүмкіндік берді. Әр қызметінде жинақтаған білімі мен тәжірибесі жаңа лауазымдағы міндеттерін тиімді атқаруына негіз болады.
Жаңа қызметінде бөлім жұмысының тиімділігін арттырып, азаматтардың өтініштерін сапалы әрі уақтылы қарауға, құжат айналымының белгіленген талаптарға сәйкес жүргізілуін қамтамасыз етуге және мемлекеттік аппарат жұмысының тиімділігін одан әрі нығайтуға өз үлесін қосады деп сенім білдіреміз.
Шардара ауданы әкімі аппаратының басшысы Ильясов Сержан Абдухарұлы Улықбек Ақтай Қайратұлын жаңа қызметімен құттықтап, өзіне жүктелген міндеттерді сапалы әрі жауапкершілікпен атқарып, қызметінде биік нәтижелерге қол жеткізуіне, жаңа бастамаларына сәттілік және кәсіби жолына абырой тіледі.
Улықбек Ақтай Қайратұлын жаңа қызметімен құттықтаймыз!
Жауапты жұмысына табыс, кәсіби қызметіне толағай жетістіктер, жаңа бастамаларына сәттілік және ел игілігі жолындағы еңбегіне жеміс тілейміз!
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1291038?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді