
Заречный кентіндегі ҚАЖК-нің №48 мекемесіне бардым.
Мекеме басшылығының сүйемелдеуімен ұстау жағдайларын қарап шықтым, карантиндегі сотталғандарды көрдім, медициналық бөлімге бардым, рентгенологиялық жабдық пен стоматологияның жұмысын тексердім, арнайы контингентпен және медицина қызметкерлерімен әңгімелестім.
Өтініштерді беру үшін орнатылған электрондық терминалдардың жұмыс қабілеттілігіне мониторинг жүргізілді, сондай-ақ жазасын өтеп жатқан адамдармен кездесу өткізілді.
Сотталғандардың ұсталуының жағдайларын жақсарту, олардың құқықтарын қатаң сақтау және азаптаулар мен қатыгез қарым-қатынасқа жол бермеу жөнінде мекеме әкімшілігіне ұсынымдар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-sko-oblysy/press/news/details/1291135?lang=ru

Жауап қалдыру