
Халық денсаулығы – кез келген мемлекеттің ең басты құндылығы. Ал сол құндылықты қорғау жолында санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарының еңбегі айрықша.
Бұл – көзге көріне бермейтін қауіптің алдын алып, қоғамның қауіпсіздігін күн сайын қамтамасыз етіп, үлкен жауапкершілікті талап ететін сала.
Қауіп-қатерді алдын ала бағалап, эпидемиологиялық тұрақтылықты сақтап, санитариялық саламаттылықты қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етіп жүрген барша әріптестерімізге зор алғысымызды білдіреміз.
Сіздердің еңбектеріңіз – халық денсаулығының қорғаны. Ал жауапкершіліктеріңіз – ел қауіпсіздігінің маңызды кепілі.
Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!
Еңбектеріңіз еленіп, кәсіби абыройларыңыз асқақтай берсін. Халық денсаулығын қорғау жолындағы еңбектеріңіз әрдайым жоғары бағаланып, әр күндеріңіз нәтижелі, әр бастамаларыңыз берекелі болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/1291930?lang=ru

Жауап қалдыру