
Бүгін аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Бұл күні халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету жолында күн сайын еңбек етіп жүрген мамандарға құрмет көрсетілді. Олардың еңбегін «көрінбейтін майдан» деп бекер атамайды. Өйткені кәсібилік, жауапкершілік және күнделікті қажырлы еңбектің артында адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігі тұр.
Құттықтауға аудандық мәслихат төрағасы А.С.Асанова да қосылды. Ол ауданның санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұжымдарын олардың басшылары – Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының басшысы Б.Қ. Серікбаева және аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы С.Қ. Симомбаева арқылы құттықтады.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдіре отырып, А.С. Асанова оларға Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтарын табыстады.
«Болашақ профилактикалық медицинаға тиесілі» деген екі ғасыр бұрын айтылған сөз бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Сіздер жұқпалы аурулар мен індеттердің таралу қаупіне қарсы халықты қорғау жолында алғашқылардың бірі болып қызмет атқарасыздар, тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қоршаған ортаның қолайсыз факторларының әсерін төмендетуге бағытталған шараларды жүзеге асырасыздар.
Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын! Еңбектеріңіз әрдайым лайықты бағаланып, оның басты нәтижесі халықтың денсаулығы, әл-ауқаты мен қауіпсіздігі болсын», – деді өз сөзінде А.С. Асанова.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/timiryazmaslihat-sko/press/news/details/1291990?lang=ru

Жауап қалдыру