https://www.instagram.com/reel/DdOGBP1q87x/?stkn=MWlxam42NmRkOXo2eg==
Ағымдағы жылдың 11 қыркүйегінде Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары А.Кеңбейлов Әйтеке би ауданына жұмыс сапарымен келді.
Жұмыс сапары барысында аудан аумағында жүргізіліп жатқан егін жинау науқанының барысы зерделеніп, бірқатар егістік алқаптарға аралау жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, егін орағының қарқыны, ауыл шаруашылығы техникаларының тиімді пайдаланылуы, егіс алқаптарындағы жұмыстардың ұйымдастырылуы және жиналған астықты белгіленген мерзімде ысырапсыз жинап алу мәселелері қаралды.
Сонымен қатар, жұмыс сапары аясында «Жаннұр» АӨК-нің мал бордақылау алаңы және аталған шаруашылық тарапынан салынып жатқан элеватор кешенінің құрылыс нысаны араланды. Нысандардағы жұмыстардың барысы мен өндірістік қуаттарды іске қосу бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстардың жай-күйі қаралды.
Бұдан бөлек, «Даут-М» ЖШС-нің астық қабылдау элеваторына барып, астықты қабылдау, сақтау және жөнелту жұмыстарының ұйымдастырылу барысымен танысты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-aitekebi/press/news/details/1291949?lang=ru

Жауап қалдыру