
Департамент басшысының орынбасары Б.С. Каширбеков Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының сауда мәселелері жөніндегі салалық кеңесінің отырысында сөз сөйледі.
2026 жылғы 15 қыркүйекте Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының сауда мәселелері жөніндегі салалық кеңесінің отырысы өтті. Отырыста кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жаңартылған заңнама талаптарын қолдануға байланысты өзекті мәселелер қаралды.
Отырыс барысында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Б.С. Каширбеков жұмыс берушілердің «Enbek» порталында бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді міндетті түрде орналастыру қажеттілігі және белгіленген талаптарды сақтамағаны үшін жауапкершілік мәселелері бойынша сөз сөйледі.
Өз сөзінде Б.С. Каширбеков қатысушыларды халықты жұмыспен қамту саласындағы заңнама талаптарымен, бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді орналастыру тәртібі мен мерзімдерімен, сондай-ақ белгіленген талаптарды бұзғаны үшін жұмыс берушілерге көзделген жауапкершілікпен таныстырды.
Отырыс қорытындысы бойынша қатысушыларға «Enbek» порталында бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді орналастыру кезінде заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша тиісті түсіндірмелер берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-enbek/press/news/details/1292381?lang=ru

Жауап қалдыру