«Каспий-2026» халықаралық кешенді оқу-жаттығуы жалғасуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

  Бүгін – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі күштері мен құралдарының оқу-жаттығуға қатысып жатқан екінші күні. Қазіргі уақытта Қазақстан, Ресей және Әзербайжан елдерінің авариялық-құтқару қызметтері арасында бірлескен оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілуде.

  Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – төтенше жағдайлар кезінде құтқару қызметтерінің өзара іс-қимылын жетілдіру, күштер мен құралдарды бірлесіп қолдану тәжірибесін арттыру және авариялық-құтқару жұмыстарын жедел әрі тиімді жүргізу дағдыларын пысықтау.

  Жол-көлік оқиғасы бойынша оқу-жаттығу кезінде құтқарушылар көлік құралын тұрақтандыру, арнайы авариялық-құтқару құралдарының көмегімен зақымдалған көліктің құрылымдарын ашу және қысылып қалған зардап шегушіні қауіпсіз шығару жұмыстарын орындауда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/1292375?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді