
Аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен кеңейтілген аппарат отырысы өтті.
Күн тәртібіне көшпес бұрын аудан әкімі Сәкен Сейфуллин атындағы кент әкімі лауазымына тағайындалған Абзал Төлеуұлы Жакеновты барша әріптестерінің алдында таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.
Жиында аймақтағы жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар есепке алынды.
Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша ағымдағы жағдай сараланып, өрт қауіпті кезеңінің өту барысы, «Таза Қазақстан» бағдарламасының орындалысы мен оның аясындағы профилактикалық шаралар, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және БАҚ пен әлеуметтік желілердегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстары қарастырылды.
Жиын қорытындысы бойынша аудан әкімі тиісті сала басшыларына бақылауды күшейтуді және тапсырмаларды сапалы орындауды жүктеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/1292049?lang=ru

Жауап қалдыру