Комитетте аумақтық экология департаменттеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты күшейту мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Ж.Ш. Әлиевтің төрағалығымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес өтті.  Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің басшылығы, сондай-ақ аумақтық экология департаменттерінің басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Кеңес барысында аумақтық бөлімшелер қызметкерлерінің заңнама талаптарын және қызметтік әдеп нормаларын бұзуына байланысты жекелеген фактілер қаралды. Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыру кезінде лауазымды тұлғалардың жеке жауапкершілігіне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің сақталуына және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Вице-министр аумақтық экология департаменттері басшыларының қызметкерлердің заңнама талаптары мен қызметтік әдеп нормаларын сақтауына ішкі бақылауды және жеке жауапкершілігін күшейту қажеттігін атап өтті.

Департамент басшыларына ұжымдарда профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын күшейту, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жүйелі түрде талдау және оларды жою бойынша уақтылы шаралар қабылдау тапсырылды.

Мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін кез келген сыбайлас жемқорлық көріністері мен әрекеттер фактілеріне заңнамаға сәйкес принципті баға берілуге тиіс екені атап өтілді.

Аумақтық бөлімшелердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және қызметтік тәртіпті нығайту жөніндегі жұмыс жүйелі түрде жалғастырылатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/cerc/press/news/details/1292030?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді