Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың жаңа нормалары: Департаментте семинар өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 14 қыркүйекте Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінде семинар өткізілді. Департамент басшысы Г.Х. Манабаеваның төрағалығымен өткен семинарда 2026 жылғы 19 мамырда қабылданған және 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа Заңының ережелері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мәселелері қарастырылды.

Іс-шараға Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаменті басшысының орынбасары А.Қ. Баймұқанов, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментінің басшысы М.Қ. Сабағанов, Мемлекеттік, банк және қоғамдық қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің «Қызмет» салалық кәсіподағының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Т.Т. Әбілмәжинов және «Солтүстік Қазақстан облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Ж.С. Жұмабеков шақырылды.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары А.Қ. Баймұқанов слайдтарды қолдана отырып, жаңа заңның негізгі ережелерін, оны қолдану ерекшеліктерін, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен міндеттерін баяндады. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу және мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауы мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Жиында кәсіподақ ұйымдарының өкілдері мен Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Еңбек инспекциясы комитеті департаментінің басшысы да сөз сөйледі.

Олар өз сөздерінде еңбек заңнамасының сақталуына, мемлекеттік қызметшілерге арналған әлеуметтік кепілдіктерге және қызметкерлердің мүдделерін қорғаудағы кәсіподақтардың рөліне қатысты негізгі мәселелерді қозғады.

Қатысушылар өз сұрақтарына жауап алып, мемлекеттік қызметке қатысты өзекті мәселелерді талқылауға белсенді қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-sko/press/news/details/1292220?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді