
28 тамыз облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетовтің төрағалық етуімен мәслихаттың кезектен тыс 36 сессиясы өтті.
Сессия жұмысына облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Жаналинов, облыстық мәслихат депутаттары, облыс әкімі мен мәслихат аппаратының басшылары, сондай-ақ, облыстық басқарма басшылары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды.
Негізгі «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2025 жылғы 9 желтоқсандағы №199 шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе сессия алдында өткен тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында жан-жақты қаралып, депутаттар тарапынан бірқатар ұсыныс-пікірлер көтерілген болатын.
Соған сәйкес, сессия отырысында депутаттардың кейбір сұрақтарына облыстық экономика және қаржы басқармасының басшысы С.Мырзабек қосымша жауаптарын берді.
Отырыста облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов мәслихат депутаттары Жанкелді Ысқақ пен Ібайдулла Тілепке «Қазақстан Республикасының Парламентіне 30 жыл» мерекелік медалін табыстады.
Марапат иелерін құттықтаған мәслихат төрағасы олардың ел мүддесі жолындағы еңбегіне жоғары баға беріп, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.
Өз кезегінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Жаналинов депутаттарды марапатымен құттықтап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған бастамалар мен жобаларды жүзеге асыруда атқарушы билік пен мәслихаттың өзара тығыз әрі бірлескен жұмысының маңыздылығын атап өтті.
Сессия соңында тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында жан-жақты талқыланған күн тәртібіндегі мәселелер бойынша депутаттардың ұсыныс-пікірлері ескеріліп, тиісті шешімдер қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kzo/press/news/details/1291733?lang=ru

Жауап қалдыру