Орталық зарарсыздандыру мен нейроинсульт бөлімдерінің жөндеу жұмыстары бақылауда

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Орталық зарарсыздандыру мен нейроинсульт бөлімдерінің жөндеу жұмыстары бақылауда
Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек облыстық көпбейінді ауруханасындағы зарарсыздандыру және нейроинсульт бөлімдерінде жүргізіліп жатқан ағымдағы жөндеу жұмыстарымен танысты.
Атап айтқанда, Орталық залалсыздандыру бөліміне 9 326,9 мың теңгеге, ал нейроинсульт бөліміне 37 307,8 мың теңгеге медициналық ұйымның өз қаражаты есебінен ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Аралау барысында басқарма басшысы жөндеу жұмыстарының орындалу сапасына, санитариялық талаптардың сақталуына және бөлімдердің жұмыс ерекшеліктеріне сәйкес ұйымдастырылуына назар аударды.
Сержан Назарбек жауапты тұлғаларға жөндеу жұмыстарын бекітілген көлем мен талаптарға сәйкес сапалы орындауды, жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтауды және жөндеу кезеңінде медициналық көмектің үздіксіз көрсетілуін қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар, жұмыс сапасына күнделікті бақылау жүргізіп, анықталған кемшіліктерді уақытылы жоюды міндеттеп, оларды қысқа мерзімде аяқтауды тапсырды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-densaulyk/press/news/details/1291725?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді