«Отбасы – бақыт мекені» атты тағылымды кездесу кеші өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Отбасы – бақыт мекені» атты тағылымды кездесу кеші өтті

Көктал ауылдық округі Мәдениет үйінде Аналар кеңесі мен мәдениет қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Тілдер мерекесі және Отбасы күніне орай «Отбасы – бақыт мекені» атты қазақ, орыс және ұйғыр ұлттары өкілдерінің отбасыларымен кездесу кеші жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті.

Кештің басты мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, ұлтаралық татулық пен бірлікті нығайту, өнегелі отбасылардың тәрбиелік тәжірибесін насихаттау және жас ұрпаққа үлгі ету.

Іс-шараға Көктал ауылдық округінің әкімі Б. Кадырбаев, аудандық Қоғамдық келісім басшысы М. Илипов, аудандық Аналар кеңесінің төрайымы, Ақсақалдар кеңесі мен Аналар кеңесінің мүшелері, мекеме басшылары, ауыл тұрғындары және жастар қатысты.

Кездесу барысында әр отбасы өздерінің отбасылық құндылықтары, салт-дәстүрлері мен береке-бірліктің сырлары туралы ой бөлісіп, жылы лебіздерін білдірді.

Кешке Ашимовтар, Сабанбаевтар және Давыдовтар отбасылары қатысып, өнегелі отбасыларға округ әкімі Б. Кадырбаевтың атынан Алғыс хаттар мен қаржылай сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, аудандық Қоғамдық келісім атынан да отбасыларға Алғыс хаттар ұсынылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-panfilov-koktal/press/news/details/1292279?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді