
Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігінің (АЭХА) Бас конференциясы аясында 2026 жылғы 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің өкілдері Испанияның Ядролық қауіпсіздік кеңесінің президентімен екіжақты кездесу өткізді.
Кездесудің негізгі тақырыбы Қазақстан мен Испания арасындағы атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастықты жолға қою және дамыту болды. Тараптар атом саласының өзекті мәселелері бойынша пікір алмасып, одан әрі іс-қимылдың ықтимал бағыттарын талқылады.
Келіссөздер барысында ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік реттеу, тәжірибе және сараптамалық білім алмасу, сондай-ақ екі елдің бейінді ұйымдары арасындағы кәсіби байланыстарды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Тараптар атом саласының қауіпсіз әрі орнықты дамуын қамтамасыз ету үшін халықаралық ынтымақтастық пен озық тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті.
Қазақстан мен Испания өкілдері екіжақты диалогты одан әрі дамытуға және өзара мүдделілік туғызатын бағыттар бойынша ынтымақтастықтың практикалық тетіктерін қарастыруға мүдделі екендерін білдірді.
Кездесу Қазақстан мен Испанияның бейінді ведомстволары арасында жұмыс байланыстарын орнатудағы маңызды қадам болды және атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға негіз қалады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atomic-control/press/news/details/1292115?lang=ru

Жауап қалдыру