
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы мен Корея Ұлттық кітапханасының өкілдері кездесті.
Кездесуде екі ел кітапханалары арасындағы кәсіби байланысты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Тараптар мәдени және ғылыми мұраны сақтау, кітапхана ісін цифрландыру, жасанды интеллект технологияларын енгізу, оқырманға арналған заманауи қызмет түрлерін дамыту және мамандардың тәжірибе алмасуына қатысты пікір білдірді.
Жиын соңында Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы мен Корея Ұлттық кітапханасы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Құжат екі елдің кітапхана ісі мамандары арасындағы байланысты кеңейтіп, бірлескен бастамаларды ұйымдастыруға және кітапхана ісіндегі технологиялар бойынша тәжірибе жинақтауға ықпал етеді.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1292251?lang=ru

Жауап қалдыру