
Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында мас күйде көлік басқарған 29 жастағы жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Патрульдік полиция инспекторлары «Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 10 қыркүйек күні сағат 01:58 шамасында ВАЗ автокөлігін тоқтатқан. Тексеру барысында жүргізушінің алкогольдік ішімдік ішкені анықталды. Наркологиялық сараптама қорытындысына сәйкес, ол жеңіл дәрежедегі масаң күйде болғаны анықталды. Аталған дерек бойынша жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, автокөлік айып тұрағына қойылды. Сот шешімімен жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Масаң күйде көлік басқару – өз өміріңізге ғана емес, өзгенің де өміріне қауіп төндіретін ауыр құқық бұзушылық. Қызылорда облысының полициясы барлық жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, алкогольдік ішімдік ішкен жағдайда көлік тізгініне отырмауға шақырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1291592?lang=ru

Жауап қалдыру