Қызылорда облысында “Тасымалдаушы” жедел алдын алу іс-шарасы қорытындыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

9–12 қыркүйек аралығында Қызылорда облысының аумағында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол жүрісі қағидаларын бұзудың жолын кесуге бағытталған «Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында полиция қызметкерлері жол жүрісі қағидаларын бұзудың 1208 дерегін анықтады. Оның ішінде 128 автокөлік арнайы айып тұрағына қойылып, 282 көлік құралының мемлекеттік белгісі шешілді. Жолаушылар тасымалы саласындағы заңдылықтың сақталуына да ерекше назар аударылды. Тәртіп сақшылары: * рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік не өзге де қызметпен айналысудың – 17 дерегін; * жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бұзудың – 146 дерегін; * көлік құралын басқару құқығынан айырылған жүргізушілердің – 72 дерегін; * міндетті техникалық қарап-тексеруден өтпеген көлік құралдарының – 107 дерегін; * көлік құралын басқару кезінде ұялы телефон пайдаланудың – 201 дерегін; * жолаушылар мен жүктерді тасымалдау талаптарын бұзудың 385 дерегін анықтап, жолын кесті. Мұндай профилактикалық іс-шаралардың басты мақсаты – жүргізушілердің жол қозғалысы талаптарын сақтау деңгейін арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол-көлік оқиғаларына жол бермеу екенін атап өтті. Полиция қызметкерлері барлық жол қозғалысына қатысушыларды жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға шақырады. Жолдағы қауіпсіздік – әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Әсіресе жүргізушілердің тәртібі жолаушылардың және жол қозғалысына қатысушы өзге де азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауда шешуші рөл атқарады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1291585?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді