
Шымкент қаласында полиция күштерінің гарнизондық таратуы өтті. Қызметтік нұсқама жүргізген полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Ұлықбек Мылтықов қызметкерлердің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге дайындығын тексерді.
Саптық байқау барысында жеке құрамның қызметтік киім үлгісі, қажетті құрал-жабдықтары, қызметтік құжаттары мен автокөлік және арнайы техникалардың дайындығы қаралды.
Сонымен қатар, қызметтік және атқарушылық тәртіпті қатаң сақтау, азаматтармен әдепті қарым-қатынас жасау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1291693?lang=ru

Жауап қалдыру