ТҮРКІСТАНДЫҚ ТҰРҒЫНДАР ҚАЛАҒАН ЕМХАНАСЫН ТАҢДАП, МӘМС АЯСЫНДА ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК АЛА АЛАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
12 қыркүйектен бастап емханаға тіркелудің жаңа тәртібі енгізілді. Енді тұрғындар өздері қалаған емханасына жылына 1 рет ауыса алады. МӘМС жүйесінде сақтандырылған азаматтар тіркелген емханасында тегін медициналық көмек алуға құқылы.
2026 жылғы тамыздағы мәлімет бойынша Түркістан қаласында 285 225 тұрғын тіркелген. Оның ішінде 244 563 тұрғын, яғни 85,7%-ы сақтандырылған.
Бұл туралы Түркістан қалалық емханасында 2026 жылдың 8 айында атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте айтылды.
Түркістан қалалық емханасының құрамында 1 орталықтандырылған емхана, 6 отбасылық денсаулық орталығы және 1 Бірлік бөлімшесі жұмыс істейді. Халық тіркелімінде 87 262 тұрғын бар.
Биылғы жылдың 8 айында біріншілік аурушаңдық көрсеткіші 22 272,9-ды құрады. Оның ішінде артериялық гипертония бойынша – 271 жағдай, жүректің ишемиялық ауруы бойынша – 45 жағдай, миокард инфарктісі бойынша – 3 жағдай тіркелді. Қан айналым ауруларынан болатын өлім-жітім көрсеткіші 2025 жылғы 10,8-ден 2026 жылы 7,4-ке төмендеген.
Емханаға тіркеу бөлімінің жұмысын жеңілдету үшін «Әсел» виртуалды көмекшісі орнатылып, N32 мектепте Higo құрылғысы арқылы профилактикалық тексеру пилоттық режимде жүргізілуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1291920?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді