
27 тамыз күні облыстық мәслихаттың Экономика, әлеуметтік және құқықтық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтіп, отырысқа комиссия төрағасы, депутат Балжан Шәменова төрағалық етті. Оған облыстық мәслихат депутаттары және тиісті басқарма басшылары қатысты.
Күн тәртібінде «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2025 жылғы 9 желтоқсандағы № 199 шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды.
Аталған мәселе бойынша облыстық экономика және қаржы басқармасының басшысы С.Мырзабек хабарлама жасап, ұсынылып отырған өзгерістердің негізгі бағыттары мен күтілетін нәтижелеріне тоқталды.
Депутаттардың көтерген сұрақтарына басқарма басшысы мен тиісті сала мамандары тарапынан жауаптар беріліп, нақты ұсыныс-пікірлер ортаға салынды.
Отырыс соңында депутаттардың ұсыныс-пікірлері ескеріле отырып, күн тәртібіндегі мәселені тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында қарау жөнінде қаулы қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kzo/press/news/details/1291720?lang=ru

Жауап қалдыру