
Отырар ауданында ауыл тұрғындарының кәсіп бастауына және өз кәсібін дамытуына мүмкіндік беретін мемлекеттік қолдау тетіктері тиімді жүзеге асырылуда. Соның бірі – ауыл халқының тұрмысын жақсартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және кәсіпкерлік белсенділікті арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасы.
Мемлекеттік қолдаудың игілігін көріп отырған азаматтардың бірі – Қарғалы ауылының тұрғыны Анарбай Ахметұлы. Кәсіпкер «Анарбай» жеке кәсіпкерлігін ашып, жоба аясында қолөнер бұйымдарын дайындауға қажетті 3 ағаш өңдеу станогын сатып алған.
Ұлттық қолөнерді кәсіппен ұштастырған шебер бүгінде ағаштан түрлі бұйымдар жасап, оның ішінде қазақ халқының ұлттық аспабы – домбыра жасауды кәсіби деңгейде меңгерген. Кәсіпкердің қолынан шыққан сапалы әрі ұлттық нақыштағы бұйымдарға сұраныс жоғары.
«Ауыл аманаты» жобасы кәсіпкерге қажетті құрал-жабдықтарды алуға мүмкіндік беріп қана қоймай, кәсібін жүйелі түрде дамытуға жол ашқан.
– Сұранысты қамтамасыз ету үшін алдағы уақытта кәсібімді кеңейтуді жоспарлап отырмын. Өнім көлемін арттырып, ұлттық қолөнерді одан әрі дамытуға ниеттімін, – дейді қолөнер шебері Анарбай Ахметұлы.
Бүгінде ауылдағы кәсіпкерлікті қолдау – экономикалық белсенділікті арттырудың маңызды бағыттарының бірі. Ал ұлттық қолөнерді дәріптеп, оны табыс көзіне айналдырған Анарбай Ахметұлының кәсібі ауыл азаматтарына берілетін мемлекеттік қолдаудың нақты нәтижесін көрсетеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-audany/press/news/details/1292356?lang=kk

Жауап қалдыру