
Жетісуда ауыл жастарына 3 млн теңгелік грант беріледі
Жетісу облысында ауылдық елді мекендерде тұратын жұмыссыз жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдауға арналған «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты іске асырылуда.
Конкурсқа облыстың ауылдарында тұрақты тіркеуде тұрған 18-34 жас аралығындағы жұмыссыз жастар қатыса алады. Жеңімпаздарға бизнес-жобаларын жүзеге асыру үшін 3 млн теңге көлемінде грант беріледі.
Қолдау мынадай алты бағыт бойынша көрсетіледі: мал және балық шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, сүт өнімдерін өндіру, қолөнер және шағын өндіріс, тағам өндірісі және қоғамдық тамақтану, білім беру және балаларды дамыту орталықтары.
Қатысу үшін өтінім, бизнес-жобаның сипаттамасы мен таныстырылымы, шығыстар сметасы, жұмыссыз мәртебесін растайтын және тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы құжаттар қажет.
Конкурс екі кезеңде өтеді. Алдымен құжаттардың талаптарға сәйкестігі тексеріліп, кейін жобаларды конкурстық комиссия бағалайды. Жобаларды бағалау өтінімдер қабылданғаннан кейін 15 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Грант иегері шартқа қол қойылған күннен бастап 3 ай ішінде жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, жобаның іске асырылуы және қаражаттың мақсатты жұмсалуы туралы есеп беруге міндетті.
«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты ауыл жастарына өз кәсібін бастап, тұрақты табыс табуға және жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol/press/news/details/1292109?lang=ru

Жауап қалдыру