
Бұл туралы Алматы облысы ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі Рүстем Әбілханұлы ескертеді.
10 тамыздан бастап «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесіп іске қосылған бірегей жүйе арқылы 90-нан астам азаматтың 30 миллион теңгеге жуық қаражаты алаяқтардан қорғалды.
Басты ережелерді есте сақтаңыздар:
❌ Алаяқ:
сізді асықтырады, қорқытады, СМС-код талап етеді және «ешкімге айтпаңыз» деп қысым жасайды.
✅ Нағыз полиция қызметкері: бейтаныс нөмірмен сөйлесуді доғаруды өтінеді және кез келген қаржылық мәселеде жақындарыңызбен кеңесуге кеңес береді!
Қауіпсіздік — ортақ міндет! Егер күмәнді қоңырау түссе, бірден сөйлесуді тоқтатыңыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/1291982?lang=ru

Жауап қалдыру