
«Абайлаңыз, жаяу жүргінші!» акциясы аясында балалардың жол қауіпсіздігіне қоғамның назарын аудару мақсатында әлеуметтік эксперимент өткізілді.
Эксперимент барысында қарапайым жағдай ұйымдастырылды: кішкентай бала жолдан өтпек болады, алайда оның жанында ата-анасы болмайды. Осы сәтте ересек адамдардың әрекеті бақыланды.
Бақылау нәтижесінде экспериментке қатысқан барлық ересек адам кішкентай жаяу жүргіншінің жолдан қауіпсіз өтуіне назар аударып, оған көмектесті.
Бұл тәжірибе ересектердің бала қауіпсіздігіне деген жауапкершілігі маңызды екенін көрсетті. Себебі бала жолда өзін дұрыс ұстауды ең алдымен үлкендерге қарап үйренеді.
Жол қозғалысы ережелерін сақтау, жаяу жүргіншілер өткелін пайдалану, жолдан өту кезінде баланың қолынан ұстау және оған қауіпсіздік талаптарын түсіндіру – балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған қарапайым, бірақ маңызды әрекеттер.
Өткізілген эксперименттің мақсаты – ересектерді сынау немесе кінәлау емес, күнделікті өмірде кездесетін қарапайым жағдай арқылы қоғамның назарын балалардың жол қауіпсіздігі мәселесіне аудару.
Балалардың қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік. Әрбір ересек адам жолда өз әрекетімен балаға үлгі бола алады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1292945?lang=ru

Жауап қалдыру