
2026 жылдың 16 қыркүйегінде «Әділет» партиясы Алматы қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы С. Оразбеков азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
📌Қабылдау барысында еңбек қатынастары мен әлеуметтік мәселелерге қатысты бірқатар маңызды өтініштер қаралды.
Атап айтқанда, еңбек шарты бойынша жалақының ұзақ уақыт бойы төленбеуі, жұмыстан шыққаннан кейін қызметкерге тиесілі өтемақының берілмеуі мәселелері көтерілді. Сонымен қатар, жоғары білімнің магистр дәрежесі бар мамандарға заңнамада көзделген қосымша үстемақы төлеу мүмкіндігі жөнінде де сауалдар қойылды.
Бұдан бөлек, азаматтың ақпараттық деректерде «шеттетілген» мәртебесінде көрсетілуіне байланысты мәселесі қаралды. Азамат бұған дейін өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын, алайда кінәсі дәлелденбей, ақталғанын айтып, қазіргі мәртебесін қалпына келтіру жөнінде жүгінді.
✍🏻Қабылдау барысында әрбір өтініш бойынша қолданыстағы заңнама аясында жан-жақты түсіндірмелер берілді. Қосымша зерделеуді қажет ететін мәселелер бойынша тиісті талдау жүргізіліп, нәтижесі туралы азаматтарға қосымша хабарланатыны айтылды.
Ал құзырлы мемлекеттік органдардың қарауын қажет ететін мәселелер бойынша «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы тиісті өтініш жолдау тәртібі түсіндірілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-enbek/press/news/details/1292712?lang=ru

Жауап қалдыру