
«Әділет» партиясы Астана қалалық филиалының Қоғамдық қабылдауында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Исмағұлов Ерлан Сапарвинұлы азаматтарды жеке қабылдады.
Қабылдау барысында тұрғындар еңбек қатынастары, еңбек заңнамасының талаптары, жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы еңбек қатынастары, сондай-ақ еңбек құқықтарын қорғауға қатысты өздерін толғандырған мәселелерін жеткізді.
Кездесу барысында әрбір өтінішке жеке назар аударылып, азаматтарға қолданыстағы заңнама аясында тиісті түсіндірмелер берілді және мәселелерді шешудің ықтимал жолдары қарастырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/trud-astana/press/news/details/1293054?lang=ru

Жауап қалдыру