
Әлеуметтік төлемдерді автоматты түрде тағайындау – азаматтың өтініш бермей-ақ, өзіне тиесілі төлемді алу мүмкіндігі. Егер мемлекеттік ақпараттық жүйелерде азамат туралы қажетті мәліметтер болса, жүйе оның әлеуметтік төлем алуға құқығын автоматты түрде тексереді. Құқығы расталған жағдайда электрондық іс қалыптастырылып, тиісті төлем тағайындалады.
Бұл тәсіл азаматтың электрондық өтініш беру қажеттілігін жояды. Яғни өзіне тиесілі әлеуметтік төлемді алу үшін азаматқа құжат жинап, өтініш тапсыруға немесе қосымша уақыт жұмсауға тура келмейді.
Мақсат азаматтан өтініш талап етумен шектелмей, әлеуметтік төлемдерді барынша жылдам әрі оңай тағайындау. Яғни мемлекетте қажетті мәліметтер болған жағдайда, азаматтың қосымша әрекетінсіз немесе барынша аз қатысуымен өзіне тиесілі төлемді алуына мүмкіндік жасау. Толық ақпарат бейнематериалда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-enbek-inspekstiaysy/press/news/details/1292836?lang=ru

Жауап қалдыру