Дмитриевка ауылы табиғи газға қосылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Ақтөбе облысының Мәртөк ауданындағы Байторысай ауылдық округіне қарасты Дмитриевка ауылы табиғи газға қосылды.

Елді мекенді газдандыру мақсатында 13 шақырым газ құбыры тартылып, жобаға 104 млн теңге бөлінді. Құрылыс жұмыстарын «GAZ MART» ЖШС жүзеге асырды.

Газ желісінің іске қосылуы – ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам. Бұдан былай Дмитриевкадағы 57 аула, 185 тұрғын табиғи газдың игілігін көре алады.

Ауылдағы жаңа газ инфрақұрылымы тұрғындарға жылыту жүйесін жаңғыртуға, тұрмыстық жағдайды жақсартуға және отын мәселесін жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Газ құбырының іске қосылу салтанатына Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Арысұлан Айтбаев пен Мәртөк ауданының әкімі Медет Ысқақов қатысты.

“Біз көмірді Мәртөк ауданынан сатып алатынбыз — бір тоннасы 26–27 мың теңге тұратын. Отын дайындау мәселесі де болды. Оның бәрін жеткізіп, түсіріп, реттеп алу керек. Мен мүмкіндігі шектеулі жан болғандықтан, көмірді тасу, отын шығару қиын еді. Енді бәрі әлдеқайда жеңілдей түсті. Көгілдір отынның келгеніне өте қуаныштымын”, – деді ауыл тұрғыны Ирина Решетник.

“Мен бұл жерде өте ұзақ уақыттан бері тұрамын. Балаларым осында өсті, жұмыс істейді, немерелерім де осы ауылдв тұрады. Сондықтан бүгінгі күн біз үшін шынымен де тарихи оқиға, барлығымыз үшін үлкен мереке. Ауылымызға газ келді. Ең алдымен, халқымызға және елімізге жасап отырған қамқорлығы үшін Мемлекет басшысына, сондай-ақ көгілдір отын әр үйге жетуі үшін еңбек етіп жүрген облыс әкіміне зор алғыс білдіргім келеді. Бұрын тек көмірдің өзіне 100 мың теңгеден астам қаражат жұмсайтынбыз. Оның үстіне отын керек, барлығын жеткізіп, үйге кіргізіп, шығарып тасу қажет. Жас кезімізде мұның бәрін жеңілірек еңсеретінбіз. Ал қазір жас ұлғайған сайын денсаулығымыз сыр бере бастайды, мұның қаншалықты ауыр еңбек екенін түсінесің. Сондықтан бүгінгі қуанышымды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Газдың келуі — біз үшін үлкен жеңілдік, өмір сүру сапасын арттыратын маңызды өзгеріс. Баршаңызға зор денсаулық пен амандық, ал Қазақстан Республикасына өркендеу тілеймін”, – деп ауыл тұрғыны Татьяна Пальченко қуанышын жеткізді.

Байторысай ауылдық округінде 4 елді мекен бар. Округте барлығы 1013 адам тұрады. Дмитриевка ауылын газдандыру – елді мекендердің инженерлік инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстардың нақты нәтижесі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1292713?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді