Еңбек адамы: теміржол өндірісіндегі кәсіби шеберлік

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгінде елордада шығарылып жатқан заманауи жолаушылар вагондарының артында қарапайым мамандардың білімі, тәжірибесі және күнделікті еңбегі тұр.

Бейнематериалымыздың кейіпкері теміржол саласында 20 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді. Соңғы төрт жылын «Штадлер Қазақстан» ЖШС өндірісінде өткізді. Бір кездері теміржолға деген қызығушылығы оның кәсіби жолын таңдауға себеп болса, бүгінде жинақтаған тәжірибесін жас мамандарға үйретіп келеді.

Астанадағы зауытта қазақстандық мамандар жолаушылар вагондарын өндірудің барлық кезеңіне қатысады. Олар болат корпустарды дәнекерлеу мен бояудан бастап, пневматикалық және электр жүйелерін орнатуға, вагондардың барлық түрін құрастырып, іске қосуға дейінгі жұмыстарды атқарады.

Еңбек күні қарсаңында кәсібилік, шеберлік пен жауапкершілікті өмірінің бір бөлігіне айналдырған еңбек адамдары туралы айтып береміз.

Отандық өндірістің дамуына негіз болып отырған да – адамның еңбегі.

Бейнематериалды көріңіздер!

Толығырақ: https://www.instagram.com/p/DdVSyx5okxQ/

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-inspection/press/news/details/1292403?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді