IVY 2026: Кореядағы жастар көрмесінде Халықаралық волонтерлер жылына арналған стенд таныстырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен БҰҰ жариялаған Тұрақты даму мақсатындағы Халықаралық волонтерлер жылы (IVY 2026) аясындағы жұмыстар әлем елдерінде жалғасып жатыр. Корея Республикасында Yeosu Expo Plaza алаңында өткен 22-ші жастар көрмесінде «2026 – Халықаралық волонтерлер жылы: VOLUN-TEEN: 1365℃ Station» стенді таныстырылды.

Арнайы стендті Кореяның ұлттық волонтерлік қызметі, Жастар қызметін қолдау жөніндегі Корея агенттігі және Кореяның әлеуметтік қамсыздандыру кеңесі ұйымдастырды.

Жоба жастардың қоғамдық бастамаларға белсенді қатысуын технология және шығармашылықпен ұштастыруды көздейді. Сондай-ақ жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды пайдалану арқылы азаматтардың волонтерлік қызметке қатысу мүмкіндігін кеңейтуге басымдық берілген. Соның ішінде цифрлық волонтерліктің жаңа форматтары таныстырылды.

Жалпы көрмеге 120 мыңға жуық адам қатысты.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1292675?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді