
Аудан әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен «Жібек жолы» кеден бекетіндегі ғимараттың орталық инфрақұрылым жүйелеріне қосылу мәселелері бойынша жиын өткізілді.
Жиынға ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің қызметшілері, «QazaqGaz Aimaq» АҚ Сарыағаш газ шаруашылығы мекемесінің жетекші инженері И.Мухамедов, Сарыағаш АЭЖ мекемесінің инженері С.Рахымжан және «Қазақтелеком» АҚ филиалы – Сарыағаш ЖТЦ басшысы Н.Джумадиллаев қатысты.
Кездесу барысында кеден бекетін тиісті инфрақұрылым жүйелеріне қосу барысындағы техникалық мәселелер пысықталып, атқарылатын жұмыстар бойынша нақты тапсырмалар жүктелді.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1292344?lang=ru

Жауап қалдыру