КЕЛЕС АУДАНЫНДА ДІНИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Келес ауданында дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында халықпен кездесу өтті. Маңызды жиынға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар кеңесінің мүшесі, Шымкент қаласындағы «Сейітжан қари» мешітінің бас имамы Ерсін Әміре қатысып, тұрғындармен өзекті мәселелер төңірегінде пікір алмасты.
Жиынды аудан әкімінің орынбасары Даурен Сариев ашып, жүргізді. Ол қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау, жастарды теріс діни ағымдардың ықпалынан қорғау және діни сауаттылықты арттыру – баршаға ортақ міндет екенін атап өтті.
Кездесу барысында Ерсін Әміре дәстүрлі құндылықтарды сақтау, дін мәселесіне қатысты дұрыс әрі сенімді ақпарат алу, жастардың діни сауатын арттыру және радикалды идеологиялардың алдын алу мәселелеріне кеңінен тоқталды. Сонымен қатар, қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты нығайтуда отбасы, білім беру ұйымдары, дін өкілдері мен қоғамдық институттардың өзара бірлескен жұмысының маңыздылығын атап өтті.
Жиынға аудан тұрғындары, имамдар, ауыл жастары, спорт саласының жаттықтырушылары, білім бөліміне қарасты мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, психолог мамандар және ауыл билері қатысты.
Кездесу барысында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, діни тұрақтылықты сақтау, жастар тәрбиесі және қоғам қауіпсіздігіне қатысты пікірлерін ортаға салды.
Жиын соңында ауданның бас имамы Айдар Садыков аудан тұрғындары атынан арнайы келген қонаққа мазмұнды кездесу өткізіп, маңызды мәселелер жөнінде тағылымды ой-пікір бөліскені үшін алғысын білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/1292432?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді