КЕНТАУДА «АСАРЛАТУ» ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
КЕНТАУДА «АСАРЛАТУ» ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
 
Кентау қаласында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында тұрғындардың аула тазалығына деген жауапкершілігін арттыруға және көршілік ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған «Асарлату» тазалық шарасы ұйымдастырылды.
Қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрі – асар адамдарды бір мақсат жолында жұмылып, бір-біріне қолдау көрсетуге үндейді. Бүгінгі «Асарлату» бастамасының да негізгі мақсаты – тұрғындарды ауласын таза ұстауға, қоршаған ортаны абаттандыруға және ортақ іске бірлесе атсалысуға шақыру.
Тазалық шарасы қаладағы Абай көшесі, №4, 4А, 6, 6А көпқабатты тұрғын үйлерінің ауласында өткізілді.
Игі бастамаға қатысқан қала әкімі Жандос Тасов тазалық пен қоғамдық жауапкершіліктің маңызына тоқталып, қала тұрғындарын қоршаған ортаны таза ұстауға белсенді атсалысуға шақырды.
«Бүгінгі бастама – тек тазалық жұмыстарын жүргізу ғана емес. Бұл – өз ауламызға, өз көшемізге, өз қаламызға деген жауапкершілікті арттырып, көршілермен бірлесе әрекет етудің жарқын көрінісі.
Тазалық – бір күндік науқан емес. Ол күнделікті мәдениет пен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі. Сондықтан әрбір тұрғынды өз ауласының тазалығына үлес қосып, айналасын көркейтуге, қоршаған ортаны таза ұстауға шақырамын. Біздің мақсатымыз – Кентауды таза, көрікті әрі жайлы қалаға айналдыру», – деді қала әкімі.
Шараға мекеме басшылары, зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары мен жастар белсенді қатысты.
Қатысушылар аумақты күл-қоқыстан тазалап, ағаштарды әктеп, ауладағы орындықтарды ретке келтіріп, абаттандыру жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, шара барысында балаларға түрлі сыйлықтар мен балмұздақтар таратылды.
«Асарлату» – тазалықтан басталған татулық пен бірліктің көрінісі.
Таза қала – ортақ міндет.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1292308?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді