
КЕНТАУДА ЖАСТАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Кентау қаласы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және профилактикалық жұмыстардың тиімділігін арттыру мәселелері бойынша мәжіліс өтті.
Жиынға қала әкімінің орынбасары Бауыржан Әбенұлы төрағалық етті. Жиынға қалалық полиция, білім және ішкі саясат бөлімдерінің өкілдері, құқық бұзушылық тәуекелі жоғары мектептер мен колледждердің басшылары, олардың орынбасарлары, психологтар және профилактика бағытына жауапты мамандар қатысты.
Күн тәртібінде 2026 жылдың 8 айындағы кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың жай-күйі, сондай-ақ оның алдын алу бағытында атқарылып жатқан профилактикалық жұмыстар қаралды.
Сонымен қатар білім беру ұйымдарындағы тәуекел көрсеткіштеріне жүргізілген талдау нәтижелері ұсынылып, профилактикалық шараларды күшейту жолдары талқыланды. Тәуекел көрсеткіштері жоғары мектептер мен колледждердің басшылары өз ұйымдарында атқарылып жатқан нақты жұмыстар жөнінде баяндама жасады.
Жиында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуда ерте профилактика жүргізудің, тәуекел тобындағы оқушылармен жеке жұмыс жасаудың және ата-аналармен байланысты күшейтудің маңыздылығы атап өтілді.
Мәжіліс қорытындысы бойынша жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын жүйелі түрде күшейту, тәуекел тобындағы балалармен жеке профилактикалық жұмыстарды жандандыру, сондай-ақ жауапты мекемелердің өзара іс-қимылын арттыру бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1292299?lang=ru

Жауап қалдыру