Көкпекті ауданының депутаттары мен тұрғындардың назарына!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Көкпекті аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезекті қырық жетінші сессиясы 2026 жылғы 30 қыркүйекте сағат 11.00-де, аудандық әкімдік ғимаратында (Көкпекті ауылы, Шериаздан көшесі, 44 «а») өтеді. Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу сағат 10.00ден басталады.

Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:

1. Тұрғын үй, әлеуметтік-мәдени және әкімшілік-шаруашылық нысандарының жылыту маусымына дайындық қорытындылары туралы.

Сәулет, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы.

2. Көкпекті ауданында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын іске асыру туралы.

Көкпекті ауданы әкімі аппаратының басшысы.

3. Аудандағы қорғаншылық және қамқоршылық жұмысы туралы.

Көкпекті ауданының білім бөлімінің басшысы.

4. Халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт, депутат өкілеттігі, әдеп және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі.

Тұрақты комиссияның төрайымы.

5. Әртүрлі.

Тұрақты комиссияның отырысы 2026 жылғы 30 қыркүйекте сағат 9.00де аудандық әкімдік ғимаратында өтеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kokpektimaslikhat/press/news/details/1292630?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді