ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРАН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КӨШПЕЛІ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
🔷 Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран ауданының тұрғындарымен көшпелі кездесу өткізді. Мегаполис басшысы Жаңаталап шағынауданы, Абай даңғылы бойындағы тұрғындармен, сондай-ақ, Ақжар және Ақтас-2 тұрғын алаптарының тұрғындарымен абаттандыру, әлеуметтік инфрақұрылым, көлік және коммуналдық қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.
 
🔷 Кездесуде тұрғындардың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін мәселелерге басымдық берілді. Атап айтқанда, жер қатынастары, тұрғын үй сертификаттары, газға қосылу, ағын сумен қамтамасыз ету, қоқыс шығару және жасыл желекті күтіп-ұстау мәселелері көтерілді.
 
🔷 Әлеуметтік және спорттық инфрақұрылымды дамыту мәселелері де жеке қаралды. Жаңаталап шағынауданында мектеп пен спорт кешенін салу қажеттілігі айтылды. Ал Ақжар тұрғын алабында Мәдениет үйі мен балалар ойын алаңын қарастыру ұсынылды.
 
🔷 Сонымен қатар, қоғамдық көліктің қатынау жиілігін арттыру, қосымша бағдаршамдар орнату және білім беру нысандарының маңында жаяу жүргіншілер өткелдерін ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстар айтылды.
 
🔷 Айта кетейік, көтерілген мәселелердің басым бөлігін кездесу барысында бірден шешуге мүмкіндік болды. Қалған өтініштер бойынша жауапты басқармалар айқындалып, алдағы атқарылатын жұмыс барысы белгіленді.
 
🔷 Қала әкімі аудан әкімдігіне тұрғындармен кері байланысты күшейтіп, қабылданған шешімдер мен атқарылған жұмыстың нәтижелерін халыққа тұрақты хабарлап отыру тапсырды.
 
 
 
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-turan/press/news/details/1292465?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді