Қазақстан мен Словакия мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейтуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Братиславада Қазақстан мен Словакия арасындағы мәдени-гуманитарлық саладағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған бірқатар кездесулер өтті.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов пен Словак Республикасын Мәдениет министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Тибор Бернатяк арасындағы келіссөздер барысында Астана мен Братислава қалаларында өзара мәдениет күндерін өткізуге екі тараптың да қызығушылығы білдірілді.

Кездесу барысында тараптар мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейтудің перспективалы бағыттарын да талқылады. Атап айтқанда, кітапхана және музей ісі, дәстүрлі халық шығармашылығы, креативті индустриялар мен кинематография салаларындағы өзара іс-қимылды дамытуға ерекше назар аударылды.

Кітапхана саласындағы ынтымақтастық мәселелері Словак Республикасының Мемлекеттік ғылыми кітапханасының директоры Ольга Докторовамен өткен кездесуде жеке талқыланды. Словак тарапы Қазақстан мәдениетін кеңінен насихаттау мақсатында кітапхана базасында Қазақстанға арналған тақырыптық бұрыш ашуды ұсынды.

Бағдарламаның маңызды бөлігі Словакиядағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Роберт Доброводскиймен кездесу болды. Келіссөздер барысында ол әлеуметтік қызметтерді цифрландыру саласындағы Қазақстанның тәжірибесіне жоғары баға беріп, әсіресе «Цифрлық отбасы картасы» жобасының практикалық маңызын атап өтті. Сонымен қатар тараптар балалардың цифрлық ортадағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bratislava/press/news/details/1292296?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді