
Қазақстан Жаһандық дарындылардың бәсекеге қабілеттілігі индексінде 39 позицияға көтеріліп, айтарлықтай жетістік көрсетті.
Әсіресе, кәсіби және техникалық дағдылар деңгейі бойынша ел 122-орыннан 83-орынға нық жылжыды. Алайда, бұл жетістіктер жаһандық технологиялық өзгерістер аясында еңбек нарығын түбегейлі қайта құруды қажет етеді.
Атап айтқанда, Қазақстанда 200-ден астам жаңа мамандық пайда болады, шамамен 100 мамандық трансформацияланады және 125 мамандыққа деген сұраныс төмендейді деп күтілуде.
Бұл үдерістер отандық кәсіби білім беру жүйесін жаңа нарық талаптарына шұғыл әрі тиімді бейімдеуді талап етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-bala/press/news/details/1293094?lang=ru

Жауап қалдыру