ҚАЖ департаментінің №39 мекемесі қызметкерлері «Жітіқара ауданының Жастар ресурстық орталығымен» бірлесіп, жоғары сынып оқушыларымен профилактикалық кездесу өткізді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қостанай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №39 мекемесі қызметкерлері «Жітіқара ауданының Жастар ресурстық орталығымен» бірлесіп, №12 жалпы білім беретін мектептің жоғары сынып оқушыларымен профилактикалық кездесу өткізді.

Кездесу барысында оқушыларға дропперлік схемаларға тартылудың, заңсыз қаржылық операцияларға қатысудың және есірткі қолданудың қауіптері түсіндірілді.

Сонымен қатар «Әр қадамның маңызы бар» тақырыбында тренинг өткізіліп, жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, жеке жауапкершілік пен саналы таңдау жасау мәселелері талқыланды.

Мұндай кездесулер жастардың қауіп-қатерді дер кезінде танып, саналы әрі дұрыс шешім қабылдауына ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-kost/press/news/details/1292582?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді