Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет күніне орай

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Дарханбаева Зауре Мусиринбековна 1986 жылы Қарағанды медициналық училищесін санитариялық фельдшер мамандығы бойынша тәмамдап, еңбек жолын санитариялық-эпидемиологиялық салаға арнады. Бүгінде оның осы бағыттағы кәсіби қызметіне 40 жыл толды. Еңбек жолында ол әуе және теміржол көлігі объектілерінде санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз етуге елеулі үлес қосып, білікті әрі жауапты маман ретінде танылды. Эпидемиологиялық мониторинг жүргізуге, санитариялық-эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға, инфекциялық аурулардың таралуының алдын алуға белсенді атсалысып келеді. Зауре Мусиринбековна жоғары жауапкершілігімен, кәсібилігімен, ұқыптылығымен және мол практикалық тәжірибесімен ерекшеленеді. Әріптестері арасында зор құрметке ие болып, жас мамандарға білімі мен тәжірибесін бөлісіп, әдістемелік және практикалық қолдау көрсетіп келеді. Көп жылғы мінсіз еңбегі, жоғары кәсібилігі және санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесі үшін ведомстволық және өңірлік деңгейдегі Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттармен бірнеше рет марапатталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1292751?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді