
15 қыркүйек – санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскерлерінің кәсіби мерекесі.
🔹Осыған орай Байғанин ауданының әкімі Айбек Купенов сала мамандарымен кездесіп, оларды кәсіби мерекелерімен құттықтады.
🔹Кездесу барысында аудан басшысы санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз ету, халық денсаулығын қорғау және түрлі жұқпалы аурулардың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың маңыздылығына тоқталып, сала қызметкерлеріне жауапты еңбектері үшін алғыс білдірді.
– Халықтың денсаулығын қорғау мен санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – үлкен жауапкершілікті талап ететін маңызды міндет. Бұл бағытта сіздер күнделікті тынымсыз еңбек етіп, аудан тұрғындарының санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етуге өз үлестеріңізді қосып келесіздер. Жауапты қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін. Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын! – деді аудан әкімі Айбек Купенов.
🔹Бүгінде санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары жұқпалы аурулардың алдын алу, санитариялық талаптардың сақталуын бақылау, ауыз судың қауіпсіздігі мен қоршаған ортаның санитариялық жағдайын қадағалау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді.
🔹Кездесу соңында салада ұзақ жылдар бойы абыройлы еңбек етіп, өз міндеттерін жауапкершілікпен атқарып жүрген бірқатар маманға аудан әкімінің Алғыс хаттары табысталды.
🔹Айта кетейік, 15 қыркүйек – санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскерлерінің күні 2025 жылы кәсіби мереке ретінде ресми түрде бекітілген.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-baiganin/press/news/details/1292255?lang=ru

Жауап қалдыру