САРЫАҒАШ: ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ БОЙЫНША НАҚТЫ МІНДЕТТЕР АЙҚЫНДАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Айдарұлының төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Кеңес отырысына кеңес мүшелері, колледж директорлары, бөлім басшылары, спорт мектептері мен мекеме басшылары қатысты.
Отырыстың күн тәртібінде аудан жастарын кәсіпкерлікке баулу, жұмыспен қамту, мемлекеттік бағдарламаларға тарту және салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытындағы жұмыстар қаралды.
Ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Алайдар Амирханов жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау және оларды кәсіпкерлік қызметке тарту бағытында 2026 жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндады.
Аудандық мансап орталығының директоры Ақмарал Әуезова жастар арасындағы жұмыссыздықты төмендету, оларды тұрақты жұмыспен қамту және мемлекеттік бағдарламаларға қатыстыру бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде ақпарат берді.
Ал ауданның мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің міндетін уақытша атқарушы Мөлдір Рысымбет жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спорт мектептері мен спорт кешендерінің, сондай-ақ спорт және ойын алаңдарының қолжетімділігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды таныстырды.
-Жастарға жағдай жасау – бір реттік шара емес, жүйелі жұмысты талап ететін маңызды бағыт. Әрбір берілген тапсырма нақты нәтижеге бағытталуы тиіс. Жастардың жұмыспен қамтылуы, кәсіп бастауына мүмкіндік алуы және спортпен айналысуына қолайлы орта қалыптастыру – жауапты сала басшыларының негізгі міндеттерінің бірі, – деп аудан әкімі жастарды жұмыспен қамту мәселесі тұрақты бақылауда болуы керектігін атап өтті. Жауапты сала басшыларына жұмыссыз жастарды анықтау, оларды нақты жұмыс орындарына бағыттау және мемлекеттік қолдау шараларымен қамту бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.
Сонымен қатар жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау, мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктерін кеңінен түсіндіру және жастардың өз кәсібін бастауына қажетті жағдай жасау бойынша жұмысты жүйелеу міндеттелді.
Аудан аумағында салынған балалар ойын және спорт алаңдарының жай-күйіне де ерекше назар аударылды. Аудан басшысы аталған нысандарды күтіп-ұстау, абаттандыру және қауіпсіз пайдалану жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастырып, олардың тұрақты бақылауда болуын тапсырды.
Кеңес қорытындысында көтерілген мәселелер бойынша нақты іс-шаралар қабылдау жөнінде жауапты тұлғаларға тапсырмалар берілді. Әр тапсырманың орындалу мерзімі белгіленіп, кеңес отырысының хаттамасына енгізілді. Берілген тапсырмалардың орындалуы белгіленген мерзімдерге сәйкес бақылауға алынып, жауапты сала басшылары атқарылған жұмыстардың нәтижесі бойынша есеп беретін болады.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1292341?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді