
ШАЛҚАР АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ 2026 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ АЯСЫНДА КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Ағымдағы жылдың 16 қыркүйек күні жергілікті уақыт 10:00 де, Шалқар аудандық Қоғамдық кеңесінің 2026 жылға арналған жұмыс жоспары аясында кезекті отырысы өтті. Қоғамдық кеңес отырысына аудандық мәслихат аппараты басшысы Бәшбаева Алтыншаш Жалғасханқызы қатысты.Қоғамдық кеңес мүшелері күн тәртібіне сәйкес төмендегі мәселелерді талқылады.
1) «Аудан тұрғындарының, оның ішінде Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілгендер мен мүгедектігі бар азаматтарға көрсетілген көмек жөнінде атқарылған жұмыстар туралы»;
Хабарламашы: А.Бурамбаева – Шалқар аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы .
2) «Бершүгір ауылдық округі бойынша тұрғындар үйлерінің көгілдір отынмен қамтылуы жөнінде атқарылған жұмыстары туралы».
Хабарламашы:Н.Айтенов – Бершүгір ауылдық округінің әкімі.
Қоғамдық кеңес отырысы соңында бірқатар ұсыныстар айтылып, тиісті шешімдер қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-shalkar/press/news/details/1292667?lang=ru

Жауап қалдыру