ШҚО-да жылыту маусымына дайындық барысына бақылау күшейтілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен кеңеске қатысты. Жиында ел өңірлерінің алдағы жылыту маусымына дайындығы талқыланды.

Шығыс Қазақстандағы жағдайға тоқталсақ, аймақтағы үш жылу электр орталығының дайындық деңгейі 96%-ды құрайды. 737 шақырым электр желісінде күрделі жөндеу толық аяқталды, жылу желілерінің дайындығы – 98%. Сумен жабдықтау және су бұру желілері, автономды қазандықтар мен бюджеттік сала нысандары 100% дайын.

Облыс басшылығы Риддер ЖЭО-ға ерекше назар аударып отыр. Мұнда №5 қазандықты жөндеу аяқталды, №6 қазандықтың дайындығы 90%-ға жетті. Ондағы жұмыстарды қыркүйек айының соңына дейін аяқтау жоспарланған. Ал жылу желілерінің жөндеу жұмыстары 98%-ға орындалды.

Жалпы дайындық деңгейі жоғары болғанына қарамастан, Нұрымбет Сақтағанов барлық жұмысты толық аяқтағанға дейін қарқынды төмендетпеуді тапсырды. Облыс әкімінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасары Бақытжан Байахметовке Серебрянск және Жаңа Бұқтырма елді мекендеріндегі нысандардың дайындығын жеке тексеру, жылу желілерінің жағдайын бақылау және көмір жеткізілімін назарда ұстау міндеті жүктелді.

Нұрымбет Сақтағанов денсаулық сақтау, білім және әлеуметтік қорғау басқармаларына да бірқатар тапсырма берді. Барлық әлеуметтік нысан жылумен тұрақты қамтамасыз етіліп, жылыту маусымын іркіліссіз өткізуі тиіс.

Тұрғындар мен жылу көздеріне көмір жеткізу бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Бүгінде коммуналдық-тұрмыстық секторға 354,2 мың тонна көмір жеткізілді. Бұл жалпы қажеттіліктің 72,3%-ын құрайды. Тағы 15 мың тонна көмір ШҚО-ның теміржол тұйықтарында тұр.

 Жылыту маусымына дайындық өңір басшылығының ерекше бақылауында.

(Мәтін мен фотосуреттерді пайдаланғанда ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасау міндетті).

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1292663?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді