Солтүстік Македония басшылығы Қазақстанмен екіжақты қарым-қатынастардың даму деңгейін жоғары бағалады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Скопье, 2026 жылғы 16 қыркүйек — Қазақстан Республикасының Солтүстік Македония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі ретінде дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай Сатыбалды Бұршақов Солтүстік Македония Президенті Гордана Силяновска-Давкова, Ұлттық жиналыс (Парламент) Спикері Африм Гаши және Сыртқы істер және сыртқы сауда министрі Тимчо Муцунскимен кездесті.

Президент Г.Силяновска-Давкова 2025 жылы Астанаға жасаған сапарын жылы шыраймен еске алып, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа өзінің ізгі тілектерін жеткізді. Ол Мемлекет басшысының Қазақстанды одан әрі дамытуға бағытталған стратегиясын жоғары бағалап, саяси реформаларды оңынан атап өтті.

Кездесу барысында Елші С.Бұршақов Президент Г.Силяновска-Давковаға Президент Қ.Тоқаевтың Солтүстік Македонияның Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай жолдаған құттықтау хатын табыс етті.

Өз кезегінде Ұлттық мәжіліс Спикері А.Гаши Құрылтаймен тығыз байланыстарды одан әрі дамытуға мүдделілік білдірді. С.Бұршақов Құрылтайдың қызметі туралы кеңінен ақпарат берді.

Сыртқы істер және сыртқы сауда министрі Т.Муцунски Елшінің Қазақстан мен Солтүстік Македония арасындағы екіжақты қатынастарды дамытуға қосқан елеулі үлесін атап өтіп, оған Құрмет грамотасын табыс етті. Министр екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және тереңдетуге сенім білдірді.

Солтүстік Македония басшылығы С.Бұршақовты Құрылтай депутаты болып сайлануымен құттықтады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-skopje/press/news/details/1292817?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді